Аннотация
Пікірлер
Алдыңыздағы «Абай жетілуінің саты-сатылары» атты кітапта Абайдың өмірбаяны жаңа үлгіде баяндалған. Ойшыл ақынның жетілу жолы алғаш рет саты-сатылап қарастырылған. Төрт бөлімнен тұратын кітап қазіргі оқырман талғамы мен тәуелсіз заман талаптарына сай. Тың мағлұмат, соны дерекке бай. Ақынның төл шығармалары мен тартымды өмір фактілеріне сүйене отырып, тыңғылықты тұжырымдар жасалған. Кітап абайсүйер қалың қауымға арналған. Әсіресе, студент жастар мен «Абайтану» пәні мұғалімдеріне құнды тарту болары сөзсіз.