Аннотация
Пікірлер
Монографияда Орталық Азия мен Қазақстанның аса ірі мемлекеттік тұлғасы – Абылай ханның қайраткерлік қызметі жан-жақты зерттелінеді. XVIII ғасырдың драмалық оқиғаларға толы тарихы Қазақстан тарихына Абылай дәуірі ретінде енді. Автор сол дәуірдегі тарихи үдерістерді өзіндік ғылыми таным тұрғысынан баяндайды. Монография екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімнің негізгі тақырыбы Абылай хан мен оның серіктерінің қазақ халқының жатжерлік басқыншыларға қарсы күресін ұйымдастырудағы, қазақ-орыс қарым-қатынастарын қалыптастырудағы, қазақ-қытай қатынастарының қағидаттарының негізін салудағы рөлі қарастырылған. Екінші бөлімде Абылай хан мен оның ұрпақтарының өмірі мен қызметі көрсетілген. Кітап оқытушыларға, магистранттарға, студенттерге және барлық Қазақстан тарихына қызығушылық білдірушілерге арналады.