Аннотация
Пікірлер
Жүктілік, босану жəне босанғаннан кейінгі кезеңдердегі аса ауыр əрі жиі кездесетін асқынулардың бірі акушерлік қан кетулер болып табылады. Осы патологияның аналар өліміндегі үлесі де, перинатальді асқынулар ішінде де маңызды орыны бар. Кез келген мамандықтағы дəрігер осы патология себебін анықтап, оларға шұғыл көмек көрсете алуы тиіс. Қазіргі уақытта медицинаға жаңа технологиялардың енгізілуіне, емдік дəрідəрмектердің жетілдірілуіне байланысты осы патология кезінде жүктілікті сақтап қалудың, ана мен бала өлімін азайтудың мүмкіндіктері артқан. Оқу құралында акушерлік қан кетулер мəселесінің ӛзектілігі толық ашылып, себеп болатын негізгі нозологиялар мен патологиялық жағдайлар əрі олардың əрқайсысына қатысты дəрігерлік тактика жеке-жеке қарастырылды. Акушерлік тəжірибеде ана мен бала өлімінің негізгі себебінің бірі акушерлік қан кету болғандықтан, əйелдің репродуктивті жүйесінің патологиясын анықтау, алдын алу жəне реабилитация шараларын ұйымдастыруды жетілдіруге бағытталған. «Акушерлік қан кету» атты оқу құралы жалпы медицина мамандығы бойынша жоғары курс студенттеріне, интерн жəне резиденттерге арналған.