
Аннотация
Пікірлер
Монографияда ақпараттық қауіпсіздіктің халықаралық құқықтық негіздері, оның заманауи үрдістері мен келешегі қарастырылады.Ұлттық қауіпсіздік саласындағы киберқауіпсіздік қатерлерінің алдын алудың қазіргі заманғы тетіктеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тетігіндегі мемлекет пен мемлекеттік органдардың рөліне ерекше көңіл бөлінген.Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік жүйесін құру жөніндегі мемлекеттердің өзара іс-қимылы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін халықаралық актілер егжей-тегжейлі ашылды. Монография жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, ғылыми қызметкерлерге, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін зерттейтін құқық қорғау органдарының практикалық қызметкерлеріне арналған.