Аннотация
Пікірлер
Ғылыми басылымда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып аутизмге шалдыққан балаларды ұзақ уақыт бақылау нәтижесінде: аутизм симптомы, бірлескен әлеуметтік өзара қарым-қатынастар ерекшелігі мен сөйлеу тілі, қатынас жасау механизмдері айқындалып жан жақты қарастырылған. Ғылыми басылымның практикалық маңыздылығы балалық аутизм синдромы түсінігіне сипаттама берілген, аутизмге шалдыққан балалардың әлеуметтік бейімделуін арттыру мақсатында түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда қажет болатын ұсыныстар жасалған. Ғылыми басылым жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына, психологтарға және аутист балалармен жұмыс істейтін мамандарға, әрі өздігінен оқып үйренуші қалың оқырманға арналған.