Аннотация
Пікірлер
«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» оқу құралына автомобильдерді пайдалану барысында олардың техникалық жай-күйінің өзгерістері, осындай өзгерістердің себептері мен заңдылықтары, автомашиналардың жұмысқа қабілеттілігін қолдау жүйесін қалыптастыру мәселелері, өндірістің технологиялары мен технологиялық процестері, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу, автомобильдердің техникалық жай-күйін диагностикалау әдістері, автомобильді жыл мезгілінде әр түрлі климаттық жағдайда пайдалану тәсілдері қарастырылған. Оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Тұтынушылардың сұраныстарына сай оқу құралының латын әріпімен жазылған нұсқасы да ұсынылып отыр. Оқу құралы орта буынды техникалық оқу орындарының оқушыларына арналған.