Аннотация
Пікірлер
Балық шаруашылығы – халық шаруашылығының балық аулау, тасымалдау, қорғау және өсірумен, өңдеумен, су өсімдіктерін жинаумен шұғылданып, құнды тағамдар, балық ұны, майы, теңіз өсімдіктерінен йод, маннит, агар, т.б. емдік заттар, мал азығы мен техникалық өнімдер өндіретін сала. Жалпы ет тағамдарының ішіндегі құнарлы және биологиялық қасиеті жоғары балық етімен халықты қамтамасыз ету, келешекте балық шаруашылықтарын көбейте отырып осы саланың экономикалық тиімділігін арттыру болашақ білікті мамандардың міндеті болмақ. Қолдарыңыздағы ұсынылып отырған «Балық шаруашылығы» оқулығы осы түйткілді мәселеге мұрындық болып, жеңілдетеріне кәміл сенеміз.