Аннотация
Пікірлер
Өлең өлкесінде өзіндік сырлы үні бар ұстаз-ақын Роза Сұлтанәлиеваның бұл кітабында ой тереңіне бойлап, өлең нәрімен сусындауға және сөзбен салынған сырлы суретті көруге болады. «Көңіл күмбезі», «Роза», «Сезім сөнбейді» атты кітаптардың авторының нәзік те назды жырлары, ой-толғаныстарға толы азаматтық лирикалары жанды баурайды. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ақын заман, уақыт тынысы, елдің нар тұлғалы марғасқа ұл-қыздары, туған даласының күн дидары, толғауы тоқсан тіршілік тынысы туралы тебірене жырлайды. Екінші бөлімге қаламгердің әр жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы кірді. Кітап сөз қадірін білетін қалың оқырманға арналған.