Аннотация
Пікірлер
Монография болашақ шетел тілі мұғалімдерінің жоғары оқу орнында кәсіби даярлау процесінде рефлексивтік құзыреттілігін қалыптастыру және зерттеу проблемаларын әзірлеуге арналған. Зерттеу проблематикасы мен тақырыптарының өзектілігі қазіргі заманғы кәсіби құзыреттілігі бар мамандарды даярлау мақсатында кәсіби білім беру процесіне интерактивті технологияларды енгізу қажеттілігімен айқындалады, олардың ішінде орталық орындардың бірі рефлексивтік құзыреттілік алады. Автор болашақ шетел тілі мұғалімінің рефлексивтік құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін ұсынды, оны дайындықтың басқа бағыттары бойынша өзгертуге және қолдануға болатындығын және білім беру процесінде жүзеге асырудың лингводидактикалық шарттары анықтаған. Монография білім беру саласындағы мамандарға, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған. Ұсынылып отырған монография «Шеттілдік білім беру әдістемесі» пәнін толықтырып, қамтамассыз етеді.

