Аннотация
Пікірлер
Оқу құралы болашақ журналист - студенттерді бұқаралық коммуникация тілінің функциялық сипатымен, стилистикасымен және әдеби редакциялау ерек- шеліктерімен қысқаша таныстыруды көздейді. Жинақта тілдік үдерістің динамикалық қозғалысындағы БАҚ-тың рөлі, медиасөйлеудің функционалдық-стилистикалық мәртебесі, бұқаралық ақпарат құралдары мәтінінің әдіснамалық тәсілдері, медиамәтіндердің лингво-үлгідегі белгілерінің негізгі типтері, мәтінді әдеби өңдеу әдістері ықшамдалған үлгіде қарастырылады. Семинар дәрістері мен студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында қолданылатын бақылау тапсырмалары мен сұрақтар тізімі әрбір бөлімде жеке-жеке беріліп отырады. Аталған оқу құралы студенттерге емтихан және аралық бақылау тапсыру барысында тиімді көмекші бола алады, сондай-ақ бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилін оқып үйрену, филология, лингвистика және мәдениетаралық байланыс, журналистика, жарнама қызметі, қоғаммен байланыс, саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және муниципальды басқару, аударма және аударматану мамандықтары бойынша өздігінен оқып үйрену ісіне пайдалы әдіснамалық жолбасшы болмақ.