Аннотация
Пікірлер
Аталған ғылыми-әдістемелік ұсыным дене шынықтыру мен сопрт бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын бастаушы студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ, жұмысты жаңадан бастаған жас ұстаздар мен жалпы қызығушылық білдіретін оқырмандарға арналған. Бұл ұсынымда соңғы уақыттарда Қазақстанның білім және ғылыми саласына қатысты енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, жаңа ғылыми және тәжірибелік мәліметтер ескеріліп, сала мамандарының еңбектері мен тәжірибелеріне негізделген қажетті мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар мұнда, қолда бар библиографиялық қор мен басқа да мәліметтерді жүйелендіру мүмкіндігі, сондай-ақ, дипломдық жұмыс жаңадан бастаушыларға жазу, іздену, негіздеу, қорғауға дайындалу сияқты әдіс-тәсілдерді қабылдау үшін ыңғай жасалған.