Аннотация
Пікірлер
«Домбыра аспабында ойнау шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар» жинағы – оқушының домбыра аспабын меңгеруі табиғи логикалық жүйемен баспалдақты түрде – алғашқы перне басу, əртүрлі дыбыс шығару əдіс- тəсілдерін, фортепианоның сүйемелдеуімен домбыраға арнап жазылған шығармаларды (пьесаларды) жеңіл меңгеруге бағытталған. Соған байланысты, мұнда оның ойнау ерекшеліктері өзіндік түрлі əдіс-тəсілдері ойға қонымды түрде нақтылы бір арнада келісті өрнектелген. Бұл жинақтың – оқушы, талапкер өнерпаз қауымның, домбыра тартуды кəсіби тұрғыда меңгеріп, музыкалық сауаттылығын, эстетикалық талғамын өсіріп, өнер талғамдарын үйренудегі орны айтарлықтай. Жинақ музыка мектептері мен арнайы орта жəне жоғары оқу орындары оқушыларына, студенттеріне жəне жалпы музыка сүйер жұртшылыққа арналған.