Аннотация
Пікірлер
Оқу құралында ғылым туралы негізгі ұғымдар, ғылыми зерттеулердің әдістемесі қарастырылған, ғылыми құжаттардың түрлері және ғылыми ақпаратты іздеу, ғылыми қызметті бағалау әдістері, студенттердің ғылыми жұмыстарының түрлері мен формалары туралы мәліметтер келтірілген. Рефераттарды, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын дайындау, жазу және таныстыру бойынша ұсыныстар берілген. Ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы құқықтық негіздер қарастырылған. Оқу құралы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай және газ өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға, сондай-ақ мұнай өңдеу және мұнай-химия саласының білім алушыларына, инженерлік-техникалық және ғылыми қызметкерлерге, кәсіби және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.