Аннотация
Пікірлер
Оқу құралы заманауи талаптарға сәйкес жүйеленген және
пысықталған дәрістер мен практикалық тапсырмалар курсын ұсынады.
Дәрістердің мазмұны практикаға бағытталған және бакалаврлардың
конфликтологиялық құзыреттілігін қалыптастыруға негізделген.
Басылымда субъектілердің жанжалды өзара іс-қимылын шешу және
басқару технологияларын игеру мәселелері қаралады.
Оқу құралында ғылыми құбылыс ретінде қақтығыс туралы түсінік,
оның функциялары, құрылымы және динамикасы қарастырылған.
Келіссөздер процесінде өз позициясын қорғау әдістері мен жолдары
ұсынылған. Әрбір тақырып бойынша білім алушының сұрақты меңгеру
дәрежесін бағалау үшін арнайы тест сұрақтары құрастырылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарындағы 6В04132- «Мемлекеттік
және жергілікті басқару», 6В04107 - «Қаржы» білім беру
бағдарламаларында оқитын білім алушыларға арналған.

