Аннотация
Пікірлер
Монографияның бірінші тарауда Педагогика және психология ғылымындағы «Мен» концепциясының генезисі, студенттерді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері мен бүгінгі жағдайының мазмұны ашылды. Студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастырудағы әдіснамалық тұғырларға талдау жасалынды. Екінші тарауда кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын өлшеудің педагогикалық-психологиялық құралдарына шолу жасалып, кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері мен шарттары ашылды, кәсіби даярлау жағдайында студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Үшінші тарауда «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің «Мен» концепциясының құрылымы мен мәні ашылып, алынған нәтижелер негізінде «Педагогика және психология» мамандығы студенттерінің «Мен» концепциясын қалыптастыру әдістемесі құрастырылды және кәсіби даярлау жағдайындағы студенттердің «Мен» концепциясын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері және даму динамикасы тексеріліп дәлелденді, яғни моделдің тиімділігі эксперименттік тұрғыдан негізделді.

