Аннотация
Пікірлер
«Кәсіпорындағы экологиялық құжаттама» пәні кәсіпорынның табиғи ресурстарды пайдалануы және өндірістің қоршаған ортаға әсерін анықтау туралы мәліметтерді қамтиды. Нақты өндіріске қатысты өзара байланысты талаптардың кешенін және қоршаған ортаны қорғау нормалары мен шаруашылық қызмет ережелерінің сақталуын және атмосфераны, гидросфераны, литосфераны, өсімдіктер мен жануарлар әлемін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін көрсеткіштер жүйесін қарастыратын арнайы пән. Оқу құралында қоршаған ортадағы объектілердің экология-лық құжаттары, отын энергетика саласы кәсіпорындарының экологиялық жағдайы, кәсіпорын қалдықтарына қойылатын экологиялық талаптар, антропогендік әсерден табиғи ресурстрады қорғау, антропогендік және қоршаған табиғи орта нысандардың экологиялық төлқұжаттарына сипат-тамасына көп көңіл бөлінген. Оқу құралы авторлардың соңғы жылдары оқыған дәрістері мен жинақтаған материалдары негізінде жасақталған.
Оқу құралы «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінін қауіпсіздігі» мамандығы білім алушыларына, магистранттары және қоршаған ортаны қорғау мамандарына арналған.

