Аннотация
Пікірлер
Оқулықта есептеу машиналары мен жүйелерінің құрамдас бөліктері: басқару, операциялық, ішкі жəне сыртқы жады, шиналар, енгізу-шығару құрылғыларын ұйымдастыру принциптері қаралған жəне қазіргі процессорларды құрудың негізгі бағыттары мазмұндалған. Оқулықта көппроцессорлы жəне көпмашиналы параллель есептеу жүйелеріне көп көңіл бөлінген. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша Республикалық оқу-əдістемелік кеңесі оқулық ретінде ұсынған. Оқулық «Есептеу техникасы жəне бағдарламалық қамтамасыз ету» жəне «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын бакалаврлар мен магистранттарға арналған. Оқулықты ақпараттық технологиялар бағытының басқа мамандықтарында оқитын бакалаврлар мен магистрлер үшін «Компьютерлік жүйелерді ұйымдастыру», «Компьютерлік жүйелер сəулеті», «Параллель есептеу жүйелері» пəндерін оқуда кеңінен пайдалануға болады.