Аннотация
Пікірлер
Оқу құралы алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім электр тізбекерінің теориясының негізін қалаушы матрицалар алгебрасына арналған. Электр техниканың заңдарын тізбектің топологиясына негізделген математика- лық түрлендірудің аналитикалық жолы көрсетілген. Тізбектің күрделенуіне байланысты туындайтын қиыншылықтарды және оның топологиясы арқылы жеңілдету жолдары қарастырылған. Осы мақсатта кедергілердің жүйелік функциясын пайдаланудың тиімділігі көрсетілген. Оқу құралының екінші бөлімінде түйіндік токтардың таралу коэф- фициенттерін анықтаудың аналитикалық жолы баяндалған. Үшінші бөлімі токтардың таралу коэффициенттерін графтар теория- сының негізінде анықтаудың топологиялық әдістемесіне арналған. Төртінші бөлімде күрделі тізбектердің кедергілерінің жүйелік функ- циясын есептеудің математикалық негізі қарастырылған. Бесінші бөлімі күрделі тізбектердің режимдерін есептеудің әдіс- теріне арналған. Алтыншы бөлімде диакоптика прициптерін топологиялық әдісте- ме арқылы дамытып, жеңілдету амалдары қарастырылған. Оқу құралының барлық бөлімдері бақылау сұрақтарымен, жатты- ғуларымен және есептерімен қамтамасыздандырылған. Оқу құралы «Күрделі электр тізбектерін есептеудің топологиялық әдістемелері» электр энергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына арналған, сонымен қатар электр техниканың жобаларымен айналысатын инженерлер мен техникалық мамандар үшін де пайдалы.