Аннотация
Пікірлер
Оқу құралы авторлардың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінде оқыған мәдени антропология курсының негізінде дайындалды. Оқу құралында XIX-XX ғасырларда пайда болған мәдени антропологияның әртүрлі мектептері мен бағыттары, адам мен мәдениет құбылысын зерттеудегі қадымдар (эволюционизм, диффузионизм, құрылымдық-функционалдық талдау, биологиялық бағыт, психоаналитикалық бағыт, психологиялық бағыт) қарастырылады. Осы курс аумағында қарастырылған мәдени антропологиялық зерттеулердің ортақ бір мақсаты – көптеген көзқарастарды, мектептер мен бағыттарды зерделей отырып тарихи-мәдени үрдістерге қатысты оқырманның өз көзқарасын және оның бойында өзіндік ой тұжырымдау мәдениетін қалыптастыру.