Аннотация
Пікірлер
Қазақстанның рухани мәдениеті мен философиясына арналған энциклопедияда мәдениеттану мен философия, дінтану ғылымдары салаларында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде рухани мәдениетпен байланысты ең маңызды ұғым-терминдер мен мәдени ескерткіштер туралы мәлімет жүйелі энциклопедиялық түрде берілген. Энциклопедия авторлардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің: «Қазақстан-2050» стратегиясы мәнмәтінінде Қазақстандағы жаңғыру үдерістеріндегі мәдени ескерткіштердің орны мен рөлі» атты ғылыми жобасының аясында орындалған. Энциклопедия мәдениеттану, философия және дінтану пәндері бойынша студенттер мен оқытушыларға, магистранттар мен докторанттарға, рухани мәдениетпен айналасушы мамандар мен жалпы оқырман қауымға арналған.