Аннотация
Пікірлер
Цифрлық технологиялар Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады, бұл ретте кез келген бейіндегі маманнан цифрлық дағдылар жиынтығы талап етіледі. Оқу құралының мазмұны экономика саласын цифрландыру жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бойынша базалық білім мен құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Материал MS EXCEL-де өте жиі кездесетін экономикалық есептеулерді орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар түрінде ұсынылып, графикалық шешім әдістері мен функциялары және қолданылатын формулалар кесте түрінде берілген. Әр тақырып бақылау сұрақтары және тест тапсырмаларымен сүйемелденеді. "MS Excel-де бизнес-моделдеу және экономикалық есептеулер" оқу құралы экономикалық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына арналған, экономикалық пәндер циклдерін оқып үйренуде басқа факультеттердің студенттері мен магистранттарына, сонымен бірге "Атамекен" ҰКП ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді дайындау жүйесінде қолданылуы мүмкін.