Аннотация
Пікірлер
| Бұл жұмыста мұнай кен орындарында мұнай алуды арттырудың тиімді әдістерінің бірі – полимерлі су ерітінділерін пайдалану мәселесі қарастырылады. Полимерлі су ерітінділерін қабатқа айдау арқылы судың тұтқырлығын арттыру және су мен мұнай арасындағы қозғалу жылдамдықтарын теңестіру мүмкін болады. Бұл өз кезегінде мұнайдың ығысу коэффициентін жоғарылатып, алынатын мұнай көлемін арттырады. Жұмыста әртүрлі полимер түрлері, олардың физика-химиялық қасиеттері, қабат жағдайларымен өзара әсері, сондай-ақ зертханалық және өндірістік деңгейдегі нәтижелері талданады. Сонымен қатар, полимерлі суландыру технологиясын енгізу кезіндегі артықшылықтар мен шектеулер де сипатталған, сонымен қатар полимерлік әсерді мұнай қабаттарына қолданудың мақсатқа сай екендігі негізделіп, перспективті учаскелер мен ұңғымаларды іріктеу жүргізілген. Жұмыс нәтижесінде кен орнын игерудің қолданыстағы жүйесіне талдау жүргізілді. Игеру жүйесіне жүргізілген талдау полимерлі айдау әдісін қолдануға қабілетті нысандарды іріктеу мақсатында жүзеге асырылды. Бұл ретте негізгі өнімді қабаттар бойынша бастапқы және қалдық алынатын мұнай қорларының карталары, игеру карталары, бастапқы геологиялық-өндірістік деректер пайдаланылды. Аталған талдау негізінде полимерлі айдауды жүргізуге қолайлы учаскелер ұсынылды. Бұл монографияның өзектілігі жоғары және оның оқу процесіне енгізілуі мұнай-газ ісі білімберу бағдарламасы бойынша білімалушыларға ұсынылады. |

