Аннотация
Пікірлер
«Ойнай отырып үйренеміз» әдістемелік құралы педагогикалық колледж студенттеріне іс-тәжірибе өту барысында қолдануға болатын және мектепке дейінгі мекемелерге арналған анықтамалық нұсқаулық болып табылады.
Ұсынылған ойындар тәрбиешінің жетекшілігімен балалардың ойынға белсенді қатысуына негізделген.
Ойындардың шарты мен мазмұнына сипаттама беру кезінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілген, сонымен қатар әр ойынның мазмұны жеңіл де түсінікті, сол себепті оны дайындауға көп күш пен уақыт кетпейді.
Ұсынылған ойындарды жүйелі түрде өткізу мектепке дейінгі балалардың ойлауы мен сөйлеуінің дамуына ықпал етеді.

