Аннотация
Пікірлер
Құрметті оқырман! Қолыңыздағы бұл энциклопедиялық жинақта: Зайсан ауданының кəсіби музыка тарихына өлшеусіз үлес қосқан, ұлттық өнер тарландарының өмір жолдары, шығармашылық бел-белестері туралы шежірелік естелік, деректер қамтылған. Ақын жанының ақтарылған сөз моншағы тізіледі, мөлдір сезімнің, інжу- маржаны сүзіледі. Көңіл күй лирикасынан барша адам баласының жүрегін тебірентетін, ойын толқытатын, шуақ төгіледі. Ақын туып өскен жері мен табиғатын, замандастарын жырға қосып, қимас қызықты жастық шағына қиялмен сапар шегеді. Қуанышын, өкініш-мұңын, үміт-сенімін өлеңмен өрнектеп, сыр бөліседі. Нəзік, сыршыл, ойлы жырларында ақынның өзіне тəн қолтаңбасы аңғарылады. Жинақ жалпы орта білім беретін мектептердегі əн сабағы мен музыка мектептерінің оқушыларына, арнайы орта жəне жоғары оқу орындарының студенттеріне, жалпы музыка сүйер жұртшылыққа арналған. _x0002_ _x0002_