Аннотация
Пікірлер
Оқу құралында оптималь шешімді анықтауға арналған есептерді шешудің кейбір әдістері мен оларды жүзеге асыратын алгоритмдер қарастырылған. Әртүрлі есептердің қойылуы туралы қысқаша мәліметтермен қатар, математикалық модельдері және олардың негізінде қойылған математикалық есептердің мысалдары шешілген. Әрбір тақырып бойынша көптеген мысалдар келтіріліп, олардың шешу жолдары толық түрде көрсетілген. Оқу құралы жоғары оқу орындарының техникалық және экономикалық мамандықтарының студенттері мен магистрант- тарына арналған. Кітапта жоғары оқу орындарының оқу жоспарларына енгізілген, үдерістерді оптималь басқару, математикалық программалау, операцияларды зерттеу, басқару шешімдерін қабылдау және тағы басқа пәндердің мазмұнын құрайтын материалдар берілген.