Аннотация
Пікірлер
Оқулықта білім алушылардің теориялық білім жүйесін жетілдіру үшін дәрістік, зертханалық және практикалық сабақтардың тапсырмаларын, және орман шаруашылығында ГАЖ-ні практикалық қолданудың инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының контекстері мен пайдалану әдістемелері келтірілген. Арнаулы әдебиеттер арқылы өзіндік жұмыстарды орындауға қажет болатын негізгі орман пирологиясы ұғымдары мен анықтамалары берілген. Оқулықтың екінші бөлімінде жасанды Жер серігі мәліметтерінен алынған кескіндерді өңдеу бойынша орман жамылғысын дешифрлеудің, өңдеудің және бағалаудың теориялық негіздері берілген. Қазақстанда және шетелде Жерді қашықтықтан зондтау материалдарын бағдарламаларда өңдеу арқылы орман шаруашылығында пайдаланудың әртүрлі мақсаттағы мониторинг жасаудың заманауи әдістері ұсынылған. Landsat және Sentinel-2 Жер серіктерінің деректерін алудың негізгі әдістері, оларды тақырыптық өңдеу және Шығыс Қазақстан обылысы ормандарының
мысалында орман өртін болжауды, орман шоғырының өсу барысын т.б. талдау қарастырылған. Алыс жақын шет елдерінің қол жетімді қашықтықтан зондтау деректерімен жұмыс істеу кезінде қолданылатын бағдарламалық құралдарды пайдалану мысалдармен көрсетілген. Ормандарды тұрақты басқару үшін әртүрлі кеңістіктік ажыратымдылықтағы Жерді қашықтықтан зондылаудың ғарыштық деректерін практикалық пайдалану мысалдары келтірілген. Оқулық «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» білім беру бағдарламасы мен оқу жоспарына сәйкес дайындалып, ұсынылған. Оқулық орман шаруашылығы білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавриат және магистратура білім алушыларға арналған. Сонымен қатар оқулық орман шаруашылығы, экология, картография саласындағы мамандарға, сондай-ақ орман өрттері мен орман экожүйелерін сақтау мәселелерін шешу үшін заманауи технологияларды қолдануға қызығушылық танытқандарға пайдалы

