Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының əскери қызметшілерімен жасалған ҚР ҚК 448-бабында көзделген (бақылаушы қызметін атқару қағидаларын бұзу) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді жүргізу туралы ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
ISBN: 978-601-7897-23-9
Қосылды
Аннотация
Пікірлер
Оқу-тәжірибелік материал Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдардың мінез-құлқын бақылау және қадағалау саласында қызмет атқару кезінде жасаған құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу мәселелерін қарайды. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаңа енгізілімнің бірі болып табылады және ТМД елдерінде баламасы жоқ. Әдістемелік ұсынымдар теориялық және практикалық жақтан мазмұнды, сондықтан Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне бақылау қызметін атқару кезінде, ҚР ІІМ оқу орындарының курсанттарына оқу процесінде, сондай-ақ әскери полиция қызметкерлеріне сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін жүргізу кезінде пайдалы болады.