Аннотация
Пікірлер
Дәрістер курсы болашақ мамандарды дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқу процесі үшін әзірленген. Дәріс курсында азаматтық процестік құқық пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасына (силлабусқа) сәйкес азаматтық процестік құқығының пәні, әдісі, жүйесі, қайнар көзі қарастырылған. Азаматтық процестік құқығының қағидаттары, азаматтық процеске қатысатын тұлғалар, соттағы өкiлдiк, азаматтық процестегі процестік мерзiмдер мен сот шығындары, азаматтық істердің ведомстволығы мен соттылығы, азаматтық процестегі талап, істi сотта талқылауға дайындау, ерекше талап қоюмен iс жүргiзу және т. б. институттар- дың сипаттамасы берілген. Мұнда азаматтық процестік құқығы саласы бойынша оқу материалын қолданыстағы жұмыстық оқу бағдарламасына (силлабусқа) сай жүйелі түрде қарастыру жүргізілген. Азаматтық процестік құқығының оқу пәні ретіндегі маңыздылығын және осы саладағы заңнаманың дамуын ескере отыра, автор пәнді меңгеруде азаматтық процестік құқығы заңнамасының ұғымдарына мән беру пікірінен бұрын, ең бастысы, бұл құқық саласының ғылыми заңдылықтарын тү- сінуге, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркімен және шығармашылық тұрғыда талдау дағдысын алуға және олардың мазмұнына сын көзқараспен қарауға мән берген. Оқу құралы жоғары білім беру орындары мен факультеттерінің білім алушыларына, студенттеріне, курсанттарына, магистранттарға және докторанттарға арналған. Бірақ азаматтық процестік құқығының қоғам өмірі үшін маңыздылығын ескере отыра, бұл курс азаматтық процестік құқығының білімі мен сұрақтары қызықтыратын барша оқырман қауымға да арналады.