Аннотация
Пікірлер
Қылмыстық құқық саласының отандық және ресейлік көрнекі ғалымдары дайындаған оқулықтың толықтырылған және өңделген екінші басылымы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексінің қолданыстағы редакциясы негізінде қылмыстық құқық пәнінің оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқулықта қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің негізгі институттары толық қарастырылған, қылмыстық-құқықтық реформа аясында енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты талданған. Қылмыстық теріс қылық, қылмыс, жаза және басқа да институттардан өрбитін бірқатар негізгі ұғымдар мен терминдер ұлттық заңнама терминологиясының жетістіктеріне сай жаңаша берілген. Оқулықтың тілі жатық, құрылымы оңтайлы. Оқырман қауым бұл басылымнан біршама соны лепті сезбек. Басылым заңгер мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарының бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейлерінің білім алушылары мен оқытушыларына арналған.