Аннотация
Пікірлер
Монография «Мәдени мұра» бағдарламасы ауқымындағы «Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериясы бойынша авторлармен дайындалған «Қазақтың тарих философиясы» атты кітаптың негізінде дайындалды. Кітапта қазақ халқының тарихи санасына компаративистикалық және тарихи-философиялық талдау беріледі. Бабырдың, Дулатидың, Әбілғазының, Жалайырдың, Халидтың және т.б. тарихи туындылары сұрыпталып, олардың дүниетанымдық көзқарастарына және жалпы қазақ тарихының философиясына түсіндірмелер беріледі. Монография философтарға, тарихшыларға, қоғамтанушы ғалымдарға, студенттер, магистранттар мен докторанттарға, тарих философиясына қызығушылық танытатын жалпы оқырман қауымға арналады.