
Аннотация
Пікірлер
Еңбекте қазақтың әдептік-құқықтық мәдениеті құндылықтарының қалыптасуы мен дамуы ізгілік қағидаты тұрғысынан талданады. Құқықтық-моральдық сананың дүниетанымдық негіздері, оның мәні мен мазмұны танымның теориялық деңгейінде пайымдалады. Кітап тӛлтума мәдениет пен рухани дербестікті сақтау жағдайында қазақтың әдептік-құқықтық құндылықтарын насихаттауда, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын игеруде және ӛскелең ұрпаққа ізгілік пен антикоррупциялық тәрбие беруде ӛзіндік септігін тигізе алады. Жұмыста ұсынылған қағидаларды, ой-пікірлерді, нәтижелер мен тұжырымдарды құқыққорғау ұжымдары мен ұйымдарының қызметінде, құқықтану және мәдениеттану, этика пәндерін оқытуда, сол сияқты құқыққорғау мамандарын дайындаудағы арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Сізді қызықтыруы мүмкін
Қосымша ақпарат алу