Аннотация
Пікірлер
Детективті әдебиеттің тууы американ жазушысы Э. По («Алтын қоңыз», «Мария Роженің сыры» (1842-43), «Ұрланған хат» ( 1844ж) , ағылшын жазушысы У. Колленз «Ақ киімді әйел», «Киелі тас») есім- дерімен байланысты. Әлемге белгілі Шерлок Холмс образын жасаған А.К. Дойл шығармашылығы детективті әдебиетті жаңа белеске кө- терді. Бұл үлгідегі әдебиеттің айтулы шеберлері-А.Кристи, Ж. Сименон болса, қазақ детективінде Кемел Тоқаев ( «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Тасқын», «Түнде атылған оқ»), К. Исабаев («Ажал құрсауында», « Коменданттың жазбалары») шытырман оқиғаларымен оқырмандарын баурап алды. Танымал жазушы Сабырбек ОЛЖАБАЙ алдыңғы толқын аға- лардың ізімен жүре отырып, қазақстандық детективке өзіндік үлес қосқан. Шым-шытырықты шығармада полиция қызметкерлерінің қылмыстарды ашудағы тапқырлықтары, жанкешті еңбектері жан-жақты көрсетілген. Кітап қызғылықты оқылады. Тілі жеңіл. Оқырмандарды қызықты оқиғалар ілестіріп әкетеді.