Аннотация
Пікірлер
«Сахна сайысы өнері» атты бұл оқулық Мемлекеттік оқу стандартын-дағы өнер мектептерінде оқытылатын пәндер қатарына жатады. Оқулық-тың басты құндылығы ана тілімізде бірінші рет жазылуы ғана емес, сонымен бірге оның Ресей өнер мектептерінде өтетін дәрістермен сабақ-тастығы. Қырық жылдан астам студенттермен, театр, кино әртістерімен шығармашылық бірлестікте (аудитория, сахна, кино повильиондағы) жарық көрген қойылымдардағы тәжірибесін негізге ала отырып, тыным-сыз еңбекпен жазылған оқулық тарихи-этнографиялық ізденістерімен ерекшеленеді. Еңбек үш тараудан және әдістемелік сілтемелер, глосса-рийден тұрады. Еңбектің басты жаңалығы – сахна өнеріндегі актер, режиссерге ұлттық қаруларды пайдаланудың әдіснамасын бойына сіңіру мен қолдану тәсілдерінің аясын кеңітетіндігі. Оқулық өнер мектебіндегі ұстаздар мен студенттерге арналған.