Аннотация
Пікірлер
Оқу құралында сүт және сүт өнімдерінің өндірістік, технохимиялық бақылау әдістері, өнімнің сапасын және өндірістің санитариялық-гигиеналық жағдайын бақылауды ұйымдастырудың негізгі принциптері, өндірістік сынақ зертханаларына қойылатын талаптар, сүт өнімдерінің органолептикалық қасиеттері, оларды бақылау және сынау тәртібі мен рәсімдері, дайын өнімдердің сапасын бақылауға арналған зерттеу әдістері, микроскопиялық анықтау және биосенсормен бақылау әдістері берілген. Сонымен қатар, сүт өнімдерінің сапасын бақылаудағы физикалық сенсорлар мен техникалар, реологиялық және дәмдік қасиеттерін анықтаудың жаңа замануи әдістемелері, сүт өнімдерінің сәйкестілігін және сапасын бақылаудың физикалық әдістері қарастырылған. Оқу құралы В068-«Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы бойынша білім алушыларға, магистранттарға оқу процессінде қолдануға арналған.