Аннотация
Пікірлер
Тамақ өндірісінде өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қолайлы ауа ортасының қажетті жағдайларын жасау қажет. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының өндірістік цехтарында желдету жүйелері, ал қажет болған жағдайда ауа ортасының қатаң белгіленген параметрлерін қамтамасыз ететін ауаны кондиционерлеу жүйелері орнатылады. Өндірістің ерекшелігін ескере отырып, технологиялық процестің параметрлерін қатаң сақтау және дайын өнімнің жоғары сапасы олардың қызметіне тікелей байланысты. Оқу құралы тамақ өндірісінде желдету қондырғыларын жобалаумен және пайдаланумен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлерге және жоғары оқу орнының магистранттары мен студенттеріне арналған