Аннотация
Пікірлер
Ұсынылып отырған оқу құралы 4 бөлімнен тұрады: Гельминтология, Арахнология, Энтомология және протозоология. Бұл бөлімдерде паразитизм туралы түсінік, оның шығу тегі, түрлері, жіктелуі, жануарларға тигізетін әсері, таралуы, сонымен қатар, қой гельминтоздарының ішінде жиі кездесетін гельминттер малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіретіндігі жазылған. Оқу құралы жалпы жоғары білім беру бағдарламасына сәйкес. Ұсақ малдардың инвазиялық аурулар ұғымына түсініктеме беріле келіп, қысқаша олардың түрлері, иелері және мазмұны жөнінде деректер келтірілген. Сондай- ақ инвазиялық ауруларды анықтау, емдеу, ветеринариялық күрес шараларын ұйымдастыру, ауруларға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, оларды қолдану әдістері қамтылған. Оқу құралы ветеринариялық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына және ауыл шаруашылық мамандарына, ғылыми қызметкерлеріне арналған.