Аннотация
Пікірлер
Бұл оқу құралының негізіне заманауи ғылыми əдебиеттер мен озық тəжірибелерден туындаған мəліметтер ескеріле отырып, белгілі жаттықтырушылар мен мамандардың іс-тəжірибелері алынған. Сонымен қатар, мұнда қолда бар ақпараттарды жүйелендіру мүмкіндігі қарастырылып, велосипед спортын жаңа бастаушыларға оның əдіс-тəсілдерін игерудің қадамдық стратегиясын оңай қабылдау үшін ыңғай жасалған. Онда велосипед спортының сипаттамасы жəне жас ерекшелік мəселелері, үйрету əдістері, жаттығу мен жарыс қызметтерінің ерекшеліктері, техника мен тактика, көпжылдық дайындық, физикалық дене дайындығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі көптеген мəліметтерді кездестіруге болады. Велосипед спорты саласының мəселелеріне арналған бұл оқу құралы қазақ тілінде алғаш рет шығарылып отыр. Аталған оқу құралы дене тəрбиесі мен спорт бағытындағы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, велосипед спортының қандай да бір түріне қызығушылық танытқан жалпы оқырмандарға жəне осы спортпен жаңадан айналысушыларға, сондай-ақ, жаттықтырушылар мен сала мамандарына арналған.