Аннотация
Пікірлер
Ұсынылып отырған оқу құралы жалпы паразиттерді және паразитоздарды зерттеу әдістемелері, зерттеу жұмыстарына қажетті реактивтер, ертінділер дайындау тәсілдері қамтылған. Сонымен қатар біздің елімізде жиі тіркеліп, мал шаруашылығына едәуір зиян келтіретін, негізгі паразиттерді және олар қоздыратын инвазиялық ауруларды ажыратудың, зерттеудің диагностикалаудың зпизоотологиялық, клиникалық патанатомиялық және зертханалық әдістері келтірілген. Жеке паразит ауруларын жазу барысында, әр инвазияға тəнпаразиттердің морфологиялық құрылымы, клиникалық белгілері, патанатомиялық өзгерістері және оларды зерттеу үшін қолданылатын зертханалық әдістері де қамтылған. Келтірілген әдістерді болашақ мамандар өздерінің ғылыми зерттеу жұмыстарына пайдалана алады. Оқу құралы ветеринариялық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, магистранттарына жəне ауыл шаруашылық мамандарына, ғылыми қызметкерлеріне арналған.