Аннотация
Пікірлер
Қазақ баспасөзі мен баспа ісінің қалыптасуына зор үлес қосқан тұлға, қазақтың тұңғыш әдеби журналын шығарушы, еуропалық үлгідегі алғашқы қазақ романының авторы, қазақ әдебиетінің классигі Жүсіпбек Аймауытұлының баспасөздегі жұмыс тәжірибесі мен артында қалған көсемсөз мұрасы - журналистика факультетінің студенттеріне үлгі алатын, үйренетін, тағылымы мол туындылар. Өйткені «Абай», «Сәуле», «Шаншар» журналдарын, «Еңбек туы», «Қазақ тілі» газеттерін шығарған қаламгердің ХХ ғасырдың басындағы публицистикасы –болашақжурналистер үшін үлкен мектеп. «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі» атты осы монографиясында автор жазушы көсемөзінің корреспонденция, очерк, суреттеме, мақала, рецензия, шолу сияқты жанрларға аса бай екені жан-жақты, толық айқындалады. Публицистің сыншы, фельетоншы ретінде жазған шығармалары да жеке қарастырылады. Архивтерден Аймауытұлының бұрын белгісіз болып келген жүзден астам шығармасын тапқан ғалым осы оқу құралында ұлы қаламгердің көсемсөз мұрасын тұтас шығармашылық жүйеде, бүгінгі көзқарас тұрғысынан тал- дайды. Оқу құралы баспа ісі, журналистика мамандықтары бойынша білім беретін ЖОО оқу орындары оқытушы-профессорларына, сонымен бірге студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және барлық баспа қызметкерлеріне, сондай-ақ осы салалар бойынша мамандық иесі боламын деген талапкерлерге арналған.