Аннотация
Пікірлер
мүлік саласындағы алаяқтық əрекеттердің алдын алу, күресу жəне сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзекті мəселелері зерделенген. Жылжымайтын мүлік объектілеріне қатысты құқықтық қатынастар теориялық мəселелер тұрғысынан сараланып, осы саладағы алаяқтық əрекеттерді тергеудің практикалық мəселелері де кеңінен байыпталған. Еңбекте жылжымайтын мүлік объектілері саласындағы құқықтық қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективаларын ауқымды түрде зерттеу қолға алынып, аталған саладағы қылмыстық құқықбұзушылықтардың жолын кесу, алдын алу жəне тергеу бойынша қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-процестік жəне криминалистік аспектілерге талдау жүргізілген. Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасын егжей-тегжейлі əзірлеу үшін алаяқтықтың қылмыстық-құқықтық сипатын басшылыққа ала отырып, тиісті қылмыстық-құқықтық нормаларға толымды талдау жасалған, зерттеу нысанының пікірталасты мəселелеріне мəн берілген.Монография «Құқықтану», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы студент, магистрант, докторанттарға, сондай-ақ сот криминалистикасы мен сот сараптамасына қызығушылық танытқан жалпы оқырман қауымға арналған. ISBN 978-