Аннотация
Отзывы
Монографияда Абайдан басталған қазақ жазба әдебиетіндегі романтизмнің көркемдік әдіс түріндегі принциптері, бейнелеу тәсілдері, болмысты суреттеу ерекшеліктері әлемдік және ұлттық әдеби-теориялық іргелі зерттеулер негізінде жан-жақты қарастырылған. Кітапта XIX-XX ғасыр тоғысында романтизм әдісі арқылы дәуір шындығын романтикалық идеал, романтикалық сыни көзқараспен бейнелеп, әдебиетке тың тақырып, өзгеше кейіпкерлер әлемін әкелген, сөз өнерінде романтизм бағытын жаңа көркемдік сипаттармен дамытқан Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылығы сол дәуірдің әдеби процесімен байланысты талданды. Ғылыми еңбек сөз өнері мен әдебиет теориясын зерттеуші филолог мамандарға, магистранттар мен доктаранттарға, сондай-ақ М.Ж.Көпейұлы мұрасын қастер тұтар көпшілік қауымға арналған.