Әбу Насыр әл-Фараби: деректер, аңыздар, әңгімелер
ISBN: 978-601-361-381-9
Добавлено
Авторы: Әсет Құранбек Самат Қайратұлы
Аннотация
Отзывы
Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзінде келтірілген тәсілге сүйене отырып сөздің басын, «кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым», – деп тәмамдау ең жеңілі болар еді. Алайда мұндай шешімнің оқырман алдындағы әділетсіз іс болары айдан анық еді. Әбу Насыр мұрасы өз дәуірінің шегінен шыққан интеллектуалды қаһармандықтың көрінісі. Адам атаулыға ортақ мәдени мұра. Философ мирасын зерттеудің мақсұды қиынның-қиыны болғанымен, қажетсіздікпен немесе прагматикалық пайдамен өлшенбейді. Әбу Насыр мұрасы – «еркін адамдар ғылымы». Ақылдың қажеттілігі, автономдылығы, өзіне дейін өткен ойлау тарихымен байланыстырушы дәнекер.