Аннотация
Отзывы
Компьютерлік технологиялардың күшті әсері қоғамның қазіргі даму
кезеңіне оның ішінде адам қызметінің барлық салаларына еніп, ғаламдық
ақпараттық кеңістікті қалыптастыра отырып, қоғамдағы ақпараттық
ағындардың таралуынан байқалады. Білім беруді компьютерлендіру осы
процестердің ажырамас және маңызды бөлігі болып табылады. Компьютерлік
технологиялар оқытудың тиімділігін едәуір арттыратын, тұтас білім беру
процесінің ажырамас бөлігі болып табылалды.
Ақпараттық қоғамды құру және дамыту білім беруде ақпараттық
коммуникациялық технологияларды (АКТ) кеңінен қолдануды көздейді, ол
бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, АКТ-ны білімге енгізу адамзаттың білімімен жинақталған
технологиялық және әлеуметтік тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа ғана емес, бір
адамнан екінші адамға беруді едәуір жеделдетеді.
Екіншіден, қазіргі заманғы АКТ білім беру мен кәсіптік даярлықтың
сапасын арттырады, адамға қоршаған ортаға және болып жатқан әлеуметтік
өзгерістерге жылдам бейімделуге мүмкіндік береді. Бұл бүгінгі күні де,
болашақ постиндустриалды қоғамда да қажетті білім алуға мүмкіндік береді

