Аннотация
Отзывы
Оқу құрал жалпы техникалық кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттеріне арналған. 1211000 – «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік жоспары мен бағдарламасына сәйкес әзірленді. «Арнайы сурет және көркемдеу практикасы» пәні бойынша КМ13, КМ14 модульдеріне лайықтанып орындалды.
Оқулықта арнайы сурет негіздері қарастырылған. Адам фигурасын салуға, сондай-ақ пропорционалды схемаларды қолдана отырып, фигураға киім үлгілерін салуға көп көңіл бөлінеді. Әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен тапсырмалар қамтылған. Бұл оқу құралдың ерекшелігі-бейнелеу грамотасын ұсыну арқылы тігін өндірісінің мамандықтарын дайындауды ескеру.

