Аннотация
Отзывы
Ұсынылып отырған еңбекте білімге негізделген экономикаға көшу шеңберінде Қазақстанда саналы, рухани қазақи болмыстың негізінде адами капитал мен инновация және кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың маңызы, мазмұны мен өркениетті экономикалық қатынастардағы мінезде мелік ерекшеліктерінің құнды деректері егжей-тегжейлі екшеліп, негізі зер деленді. Елімізде саналы қоғам, парасатты экономика құруды бағалау барысында
жетістіктеріміз бен кемшіліктеріміз бүгінгі күн тұрғысынан таразы ланды.
Кітапта «Әуелі сана, содан соң экономика» қағидасының Қазақстандық даму үлгісінің табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Сонымен қатар өндіріс саласының инновациялық менеджмент негіздері, стратегиялық инновациялық қызмет, Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дағдарыс жағдайында мемлекеттік реттеу, жобалық менеджмент, халықаралық бизнестің негізінде кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының ілімдік-әдістемелік негіздерінің парасатты экономика құрудағы маңызды мәсе- лелерінің шешуші шарттары қарастырылды.
Кітап қалың көпшіліке арналады. Аталған еңбектің электрондық нұсқасын АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында орналасқан https://www.academia.edu/ сайтынан немесе интернетте Исабеков Бауыржан деп Google қосымшасынан
іздесеңіз кітаптардың электрондық нұсқасымен таныса аласыз. жыйырма мыңнан астам оқырман интернет жүйесінен қашықтан оқыту жүйесі арқылы танысқан болатын

