Аннотация
Отзывы
Бұған дейін «Қыз жылаған түн» атты шытырман оқиғалы кітабы жарық көрген жазушы Сабырбек ОЛЖАБАЙДЫҢ бұл детективті әдебиеттегі екінші кітабы. Бұл жолы да қаламгер із кесушілер мен қылмыс әлемі арасындағы алуан түрлі оқиғаларды екі жақтың астыртын қақтығыстары арқылы баяндап, тәртіп сақшыларының жанкешті еңбектерін жан-жақты ашып көрсетеді. Оқиғалар желісі оқырманды бірден тартып кетеді. Қаламгердің логикалық пайым- даулары, шығарма сюжетінің қанықтығы айқын көрініс табады. Қылмыс әлемі серкелерінің сан түрлі қитұрқы әрекеттерін әшкере- леуде полицейлердің ерен еңбектері сендіреді, сіз де солармен бірге айыптыларды анықтауға қоса шыққандай күй кешесіз. Бұл жинақ қазақ әдебиетінде кенже дамып келе жатқан детектив жанрына қосылған үлкен олжа. Әңгіме түрінде ықшам жазылған детективтер бірінен соң бірі оқырманды жетелеп отырады. Кітаптың тілі көркем, қызғылықты оқылады. Жинақ заң қыз- меткерлеріне, болашақ із кесушілерге, жалпы көпшілікке арналған.