Аннотация
Отзывы
«Азаматтық құқық бойынша анықтамалық сөздік» оқу тәжірибелік құралының құрамында 400-ге жуық көп тараған құқықтық ұғымдар, олардың мазмұны ашылады және күнделікті өмірде қолданылатын негізгі заңды терминдер анықталған. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері, азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауы мен жүзеге асырылуы баяндалады. Меншік құқығына және оны қорғауға, шарттарға, келтірілген зиянды өтеуге, авторлардың, өнертапқыштардың құқықтарына ерекше назар аударылады. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалалдың арасындағы мүліктік қатынастар да қарастырылады. Осы оқу тәжірибелік құралында оқырман біздің күнделікті өмірімізде туындайтын кез келген сұрақтарға оңай жауап табады. Басылым заңгерлерге, заң және экономикалық оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ азаматтық құқық мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық практик мамандарға арналған. Анықтамалық сөздікті құрастыру барысында тек ресіми дереккөздер, заңнамалар, Жоғарғы соттың қаулылары, ресіми құжаттар, Әділет министірлігінде тіркелеген бұйрықтар, қаулылар және т.б. қолданылалы. Оқу құралын дайындау барысында доктриналық ұғымдар мен беделді Қазақстан Республикасының азаматтық құқық саласының ғалымдарының пікірлері мен ойлары көрсетіледі.