Аннотация
Отзывы
Ғылым мен техниканың қаркынды дамуымен қоғамның табиғатқа әсері күннен-күнге артып, адамзаттың алдына жаңа өткір экологиялық мәселелерді туындатуда. Осыған байланысты кез келген кәсіби білімалушы маман осы адамзатты толғандырып отырған қазіргі таңдағыэкологиялык мәселелермен жакын таныс болуы кажет. Оқу құралында табиғи ортаның негізгі компоненттері судың, атмосфералық ауаның жəне топырақтың жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын құралдар мен әдістердің түрлері кең ауықмдылықта сипатталады. Оқу құралында экологиялық өлшеулерді, бақылауларды ұйымдастыру, сынама іріктеу мен сынама дайындауды жүргізу, талдауларды орындау, сынама құрамын анықтау, қоршаған ортаның көрсеткіштерін өлшеу құрылғылары, зертханалық ыдыстар, құрал жабдықтары мен аспаптар, сондай-ақ қоршаған орта мониторингінің əдістерімен құралдарына көп көңіл бөлінген. Экологиялық зертханада қолданылатын құралдар мен аспаптарға сипаттама берілген. Білім алушылар ауаның, судың, топырақтың ластану дəрежесін анықтау бойынша практикалық тəжірибе алады, сынамалар алу əдістемесін меңгереді жəне əр түрлі ортадағы сандық жəне сапалық өлшеулерді жүргізуді үйренеді. Оқу құралы «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы студентері, магистранттары және қоршаған ортаны қорғау мамандарына арналған.