Аннотация
Отзывы
| Ұсынылып отырған оқу құралы «Бастауыш мектеп педагогикасы» бастауыш білім беру жүйесінің теориялық және практикалық негіздерін қамтитын, болашақ педагог мамандарға арналған ғылыми-әдістемелік еңбек болып табылады. Бұл құралда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, әдістері мен технологиялары жүйелі түрде қарастырылған. Оқу құралы қазіргі білім беру талаптарына сәйкес құрастырылып, педагогика ғылымының заманауи жетістіктері мен ұлттық білім беру тәжірибесіне сүйенеді. Әсіресе, тұлғаға бағытталған оқыту, Lesson Study әдістемесі, зерттеушілік дағдыларды дамыту, және бастауыш сыныптағы пәндерді оқытудағы инновациялық тәсілдерге ерекше назар аударылған. Бұл еңбек педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ бастауыш білім беру мәселелеріне қызығушылық танытқан барша оқырманға арналған. Оқу құралы білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, ғылыми-педагогикалық ой-өрісін кеңейтуге және оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға бағытталған. |

