Аннотация
Отзывы
| Монографияда білімді басқару процесінің теориялық жəне əдіснамалық негіздері қарастырылып, білімді ғылыми категория ретінде зерттеудің теориялық негіздері ашылады. Білімді жəне оның қоғамның экономикалық өсуі мен дамуындағы рөлін зерттеуге бағытталған қолданыстағы басқару теориялары мен тұжырымдамаларына шолу жасалады. Білімге маңызды сипаттама беріліп, қазіргі ұйымның дамуындағы рөлі анықталады. Монографияда білімді жіктеудің негізгі тəсілдері жүйеленген. Білімді басқару функцияларына мазмұнды сипаттама беріліп, осы процестің кезеңдері ашылып көрсетілді, сондай-ақ Қазақстандағы білімді басқару жүйесіне ретроспективті-прагматикалық шолу жүргізілді. Кітапта білімге сұраныстың жай-күйіне талдау жүргізіліп, білімге қажеттілікті қалыптастыру саласындағы проблемалар анықталады жəне оларды шешу жолдары ұсынылады. Басылым э.ғ.д. А.Т. Ускеленованың «Білімді басқару: отандық жəне шетелдік тəжірибе» (2022-2024 жж.) тақырыбындағы зерттеулерінің нəтижелері бойынша дайындалды. Кітап мамандарға, менеджерлерге, экономикалық бағыттағы ғылыми ұйымдар мен оқу орындарының қызметкерлеріне, магистранттарға, докторанттарға жəне ұйымдардың адам ресурстарын басқару мəселелеріне қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналады. |

